Ипотека

Баспана Хит – Қазақстанда тұрғын үй сатып алуға арналған тиімді ипотекалық бағдарлама

Қазақстан тұрғындары таяудағы кезден бастап өз тұрғын үйін сатып алу мәселесін тез және тиімді шарттармен шешуге мүмкіндік алады. Бұнымен «Баспана Хит» көмектеседі – бастапқы және қайталама нарықта жылжымайтын мүлікті сатып алудың тиімді ипотекалық бағдарламасы.

«Баспана Хит» бағдарламасының артықшылықтары қандай?

Осы тартымды ұсынысты пайдаланып үлгергендер осы ипотекалық бағдарламаның бірнеше артықшылықтарын атап өтті:

1) Төмен несие мөлшерлемесі (11,25%), нәтижесінде ипотека үшін артық төлем азаяды,

2) Тұрғын үй сатып алу бойынша мәмілені ресімдеу сәтінде, қолыңызда оның жалпы құнының тек 20% болуы керек,

3) Cіз озіңіз, жақын жоспарлар мен қаржылық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, ипотекалық келісімді қандай мерзімге ресімдегіңіз келетінін таңдай аласыз. Есіңізде болсын, ипотека мерзімі неғұрлым жоғары болса, ай сайынғы төлем соғұрлым төмен болады. Баспана бағдарламасы бойынша төлемнің ең ұзақ мерзімі – 15 жылға дейін.

4) Қазіргі заманғы құрылысшыларға сенбейсіз бе? Сіздің ойыңызша, бұрын тұрғын үйлерді жақсы салған және сенімді “қайталама пайдалану үй”-де тұруды жөн көресіз бе? “Баспана хит” бағдарламасы жаңа үйлерге де, қайталама тұрғын үйге де ипотека ресімдеуге мүмкіндік береді.

5) Қазіргі уақытта сізде жеке тұрғын үймен мәселе жоқ па? Пәтер сатып алып, Сіз “бос” ақшаны инвестициялап немесе тұрғын үйді жалға беріп ақша табуды жоспарлап отырсыз ба? Мәселе емес: осы бағдарлама бойынша ипотеканы ресімдеу үшін қарыз алушыда жылжымайтын мүліктің болуы несие шарттарына әсер етпейді. Сізде екінші немесе үшінші пәтерді сатып алу мүмкіндігіңіз бар!

6) Мәмілені ресімдегені үшін Қазақстан банктерінің бірде-біреуі қосымша комиссия алмайды.

Мысалы. Сізге қажет пәтердің құны 15 млн.теңгені құрайды. Баспана алу үшін “Баспана Хит” бағдарламасына жүгініп, сізге алдын-ала төлемді төлеу үшін кем дегенде 3 млн жинау керек. Қалған сомасы 12 млн.тг., сіз 15 жыл ішінде ай сайынғы белгіленген төлеммен 138 281 тг төлей аласыз.

«Баспана Хит» бағдарламасы бойынша ипотекалық несиені қалай алуға болады?

Несие алу және тұрғын үй сатып алу процесі бірнеше қарапайым қадамдардан тұрады:

1) Сіз қалаған пәтерді немесе үйді табыңыз, содан кейін оны сатып алу мәселесі бойынша банкпен байланысыңыз,

2) Банк сіздің жеке басыңызды және төлем қабілеттілігіңізді тексереді, оның нәтижелері бойынша несие беруді қабылдайды,

3) Сіз сатушымен сатып алу-сату шартын жасасасыз және оған алғашқы төлемді төлейсіз (алдын ала төлем),

4) Банк несие бойынша төлемдерді бақылауды өзіне алады және сатушымен мәмілені ресімдейді,

5) Сіз өзіңізге ұнаған тұрғын үйге көшесіз.

Осы бағдарлама бойынша ипотека ресімдеу кезінде клиентке қандай талаптар қойылады?

Бірқатар міндетті шарттар бар, “Баспана Хит” бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу кезінде олармен танысу қажет:

1) Сіз 23 жастан асуыңыз керек. Сонымен қатар, ипотекалық несие келісімінің мерзімі аяқталған кезде, сіздің жасыңыз Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлік жасынан (әйелдер үшін 58 жас, ерлер үшін 63 жас) аспауы тиіс.

2) Сіз Қазақстан Республикасының азаматы болуыңыз керек

3) Сіз қарыз алушы мен тең қарыз алушының төлем қабілеттілігін талдау рәсімінен өтуіңіз керек / кепілгердің, сіз несие келісімін жасайтын банктің қолданыстағы ішкі талаптарына сәйкес,

4) Сізде ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша өтелмеген қарызыңыз болмауы керек. Бұл Қазақстанның несиелендіру бюросының есебімен расталуы тиіс.

Сізде көптен күткен пәтерді сатып алуға ниет бар ма, сонымен бірге сіз жоғарыда аталған барлық өлшемдерге сәйкес келмеәсіз бе? Неліктен шешуші қадам жасап және сіз үшін қолайлы шарттармен ипотека рәсімдемеске? Бүгінгі таңда “Баспана Хит” бағдарламасымен жұмыс істеу үшін аккредитацияға Қазақстан Республикасының 5 банкі ие: Халық банкі, Bank RBK, Еуразиялық банк, ЦентрКредит Банкі және Цеснабанк. Осы банктердің кредиттік мамандарына жүгініп, Қазақстанның кез келген азаматы өз тұрғын үйін сатып алу үшін қандай да бір қарыз алу мүмкіндігіне ие.

Write A Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Бастауға дайынсыз ба?

Біздің маманмен хабарласыңыз (800-123-1234)